Сәтбаев қаласында 5 жасар қызды ұрлаған күдіктіні тұрғындар өз бетінше жазаламақ болған
Олар күдіктінің үйінің алдында бас көтерді

Сәтбаев қаласында бала ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
23 шілде күні сағат 21.00-де Жезқазған қаласының тұрғыны Сәтпаев қаласындағы полиция бөліміне жүгініп, өзінің 5 жасар қызының жоғалып кеткенін хабарлайды. Полиция бөлімінің жеке құрамы мен еріктілер қатысқан іздестіру шараларының нәтижесінде, бала көпқабатты үйдің пәтерлерінің бірінен табылды.
«Бала қазір ауруханада қаралуда. Күдікті қамауға алынды. Алайда, бірнеше ондаған адам күдіктіні өздеріне тапсыруды талап етуде. Тәртіпсіздікке жол бермеу үшін құқық қорғау күштері жұмылдырылды», - делінген хабарламада.
Қарағанды облысының Полиция басқармасы қоғамдық тәртіпті және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.