Астанада тағы бір көлік түгі қалмай жанып кетті (ВИДЕО)
Абырой болғанда, бұл жолы ешкім жараланбаған
Астананың өрт сөндірушілері отқа оранған тағы бір көлікті сөндірді. Бұл жолы да жеңіл көліктің түгі қалмай жанып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өрт Тәшенов көшесінің бойынша, көліктер ағылып жатқан жолдың шетінде басталған. Жеңіл көліктен басталған өртті құтқарушылар дер кезінде сөндірді. Бірақ, машинаның түгі қалмай жанып кеткен.
Қазір құтқарушылар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.
Еске салайық, 31 мамыр күні Аманжолов көшесінде жеңіл автокөлік өртенген болатын. Өрт сөндірушілер келіп жеткенге дейін көлікте газ-ауа қоспасының жарылысы болып, кейін өрт шыққан. Оқиғадан кейін Астанадағы медициналық мекемелерге бес адам – төрт ересек адам мен бір бала түскен болатын. Кеше бір ер адамның көз жұмғаны хабарланды.