Түркістан облысында бір жасар бала дәретхана шұңқырына түсіп кетті
Құтқарушылар баланы шұңқырдан шығарып, медицина қызметкерлеріне тапсырды
Түркістан облысының Темірлан ауылында бір жасар бала жекеменшік үй ауласындағы дәретхананың шұңқырына құлап кеткен. Ересектер құтқарушылардан көмек сұраған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Telegram-арнасына сілтеме жасап.
112 пультіне Түркістан облысының Темірлан ауылында 2025 жылы туған баланың жекеменшік үйдің ауласындағы дала дәретханасына құлап кеткені туралы хабарлама түскен. Ересектер оны өз күштерімен шығара алмағандықтан, құтқарушыларды шақырған.
Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖД қызметкерлері жедел жетіп, баланы абайлап шығарып алып, жедел жәрдем бригадасының медицина қызметкерлеріне тапсырды.
ТЖМ ата-аналарға балаларды тіпті қысқа уақытқа да қараусыз қалдырмауды ескертеді.