Аягөз қаласындағы ойын алаңында балаларға қарап, шалбарын түсірген ер адам 15 күнге қамалды

Ол көлігінің ішінде отырып, әдепсіз әрекет жасаған

Аягөз қаласындағы ойын алаңында балаларға қарап, шалбарын түсірген ер адам 15 күнге қамалды
Фото: © magnific.com / arning123

Аягөз аудандық соты балалар ойнап жүрген алаңның жанына келіп, әдепсіз әрі қорқынышты әрекет жасаған ер адамды 15 тәулікке қамады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Абай соттарының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, қорқынышты оқиға бесінші маусым күні болған.

«Аягөз қаласының тұрғыны 5 маусым күні күндіз балалар ойнап жүрген алаңының маңында, көлігінің есігін ашып, отырған қалпы шалбарын түсіріп, әдепсіз әрекет жасаған», - деп хабарлайды оқиғаның мән-жайын Абай соттары.

Ер адамның үстінен, «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалып, сотта оның кінәсі дәлелденген.

«Ол қоғамдық орында құқық бұзған соң әрі әдепсіз әрекетін қасақана жасағаны үшін 15 күнге қамалды», - деп хабарлайды Абай соттары.