Таразда жоғалған оқушы қыз табылды

Автор: Azattyq Rýhy

2002 жылы туылған Доғдырбай Асылжан 31 қазан күні үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған болатын

Таразда жоғалып кеткен 11-сынып оқушысы табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Жамбыл облыстық полиция департаментінің жедел-іздестіру іс-шарасы барысында 2 қарашада жоғалып кеткен Асылжан Доғдырбай табылды. Іздеуде жүрген оқушы қыздың Байзақ ауданы Мадимар ауылында болғандығы айтылған. Қазіргі уақытта ол ата-анасына жеткізілген», - делінген хабарлама.

Еске сала кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай, Жамбыл облысында 2002 жылы туылған Доғдырбай Асылжан Манатқызы 31 қазан күні сағат 12.00-де қыз үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған болатын.