Новости спорта, футбол, КПЛ

Көбейтұзға көлігімен баса-көктеп кірген жүргізуші ел алдында кешірім сұрады

40 жастағы ер адам өз әрекеті үшін қатты өкінетінін айтты

Әлеуметтік желіде Көбейтұз көліне көлігімен кіріп кеткен азаматтың фотосы тараған еді. Ақмола облысының полиция қызметкерлері жүргізушіні ұстап, жауапқа тартты. Тіпті, оған Әкімшілік кодекстің 364-бабы бойынша ескерту жарияланып, 434-бабының ІІ тармағы бойынша 5 АЕК (13 890 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Бүгін Көбейтұзға көлігімен баса-көктеп кірген жүргізуші ел алдында кешірім сұрады. Кінәлі азаматтың айтуынша, ол жұмыс барысымен Нұр-Сұлтан қаласынан Екібастұзға бара жатқан. Содан соң жол-жөнекей көпшілік аузынан тастамай айтып жүрген Көбейтұз көлін көрмек болған. Бұл туралы Polisia.kz порталы жазды. 

«Әрине, мен артық кеттім, көлге көлікпен баса-көктеп кіргенім үшін кешірім сұраймын. Кәрі емеспін, жаяу баруға да болар еді. Бұл әрекетім әлеуметтік желілерде қатты талқыға түсіп жатыр, мен тағы да бәріңізден кешірім сұраймын. Жасым 40-та, бірақ мұндай қадамға барамын деп ойламаппын...», - деді ол.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.