$ 520.48  574.61  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.07.2020, 17:46
Оқиғалар

Алматы облысында сиырға соғылған көлік жолаушысы қаза тапты

Қазіргі уақытта аталмыш жол-көлік оқиғасы тексеріліп жатыр

Алматы облысында сиырға соғылған көлік жолаушысы қаза тапты

Алматы облысының полициясы көлікпен сиыр қаққан жағдайды тіркеді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға хронологиясын зерттеген полиция қызметкерлері 21 шілде күні сағат 22:27 шамасында ер адамның басқаруында болған «Мазда-626» маркалы автокөлігінің Алматы – Өскемен автожолымен оңтүстік бағытта келе жатып, Қапшағай қаласынан бес шақырым жерде жануарды қағып кеткенін анықтады.

«Оқиға салдарынан жүргізуші мен оның жолаушысы зардап шекті. Екеуі де ауыр дене жарақатымен Қапшағай қаласының ауруханасына жеткізілді. Алайда, жолаушы жарақатының ауыр болуы салдарынан таңертең жансақтау бөлімінде көз жұмды», - делінген хабарламада.

ЖКО дерегі ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлімі бойынша тіркеліп, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Жол-көлік оқиғасының барлық себептері мен жағдайлары сотқа дейінгі тергеу барысында қосымша анықталатын болады.
 

Серіктес жаңалықтары