Бұл туралы бүгін Мәжіліс кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлім етті
2026 жылдың сәуір айында «Заңсыз кәсіпкерлік» және «Қылмыстық жолмен алынған ақша мен (немесе) басқа мүлікті заңдастыру (жылыстату)» баптарымен сотталған ерлі-зайыпты Ерболат Жанабылов пен әйелі Эльмира Төлегенова мемлекетке келтірген залалды өтемеген. Сондықтан, олар Қазақстанда басталатын қылмыстық жауапкершілікке ілінбейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы бүгін Мәжіліс кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлім етті.
«Олардың қылмысы – орташа ауыр деңгейдегі қылмыс. Рақымшылық туралы заңға сай, егер осындай қылмыс жасаған адамдар залалды толық өтесе, рақымшылыққа ілінетін еді. Ал, Сіз айтып отырған адамдар (Жанабыловтар – авт.) залалды өтеген жоқ, сондықтан, олар қылмыстық рақымшылыққа ілінбейді», - деп түсіндірді Әділов.
Естеріңізге сала кетейік, биыл 27 сәуір күні блогер Ерболат Жанабылов 2 жылға бас бостандығынан айырылып, шартты түрде жаза алған еді. Оның мүлкі тәркіленген. Ал, оның әйелі 2 жылға сотталып, балаларының жасына байланысты жазасын екі жылдан кейін өтейтін болған.