$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.07.2020, 00:59
Оқиғалар

Ақтөбе облысында заңсыз есірткі өсірген 66 жастағы тұрғын ұсталды

Полиция қызметкерлері жедел алдын алу іс-шарасын өткізді

Ақтөбе облысында заңсыз есірткі өсірген 66 жастағы тұрғын ұсталды
Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысының Қобда ауданында заңсыз есірткі өсіру фактісі анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Полиция қызметкерлері «Қарасора-2020» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Қобда ауданы Жиренқопа ауылының 66 жастағы жергілікті тұрғынын қолға түсірді. Полиция қызметкерлері 54 бұта, үш орама өсімдік, ерекше иісі бар зат тәркіледі. Сараптама тағайындалды. Күдіктіге қатысты «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат» бұлтартпау шарасы таңдалған», - деп жазылған хабарлампда.

Еске салайық, құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру, егу және есірткіні тарату үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Полицейлер тұрғындарды зиянды әдеттерден бас тартып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.

Серіктес жаңалықтары