Оқ әйелдіі оң жақ өкпесін, көкірегі мен бауырын жаралаған
Шымкент қаласының клиникалық ауруханасы жантүршігерлік оқиға туралы ақпарат берді: 39-40 аптадағы жүкті әйелге оқ тиіп, оған шұғыл түрле қатарынан бірнеше ота жасалған, деп жазады Azattyq Rýhy.
Қалалық клиникалық аурухананың мәліметіне сүйенсек, жедел жәрдем қызметі ауруханаға оқ тиіп, ауыр жараланған әйелді әкелген. 1997 жылы туған әйел жүкті болып шыққан. Әйелдің кеуде қуысы жараланып, ішіне қан кеткен.
«Оқ жүйті әйелдің оң жақ өкпе, диафрагма және бауырын жарақаттап кетіпті. Әйелдің жағдайы өте ауыр болғандықтан, хирургтер, торакалды хирургтер, акушер-гинекологтар мен реаниматологтар шұғыл консилиум өткізіп, әйелге алдымен кесарь тілігін жасаған. Сәби аман-есен туды. Одан кейін хирургтер әйелдің кеуде және іш қуысына бірнеше күрделі операция жасап, зақымданған ағзаларын тіккен. Қазір науқас жансақтау бөлімінде, ем оң нәтижесін беріп жатыр», - деп жазған қалалық клиника.
Редакция осы мәселеге қатысты Шымкент қаласының полиция департаментіне сауал жолдады.