26.05.2026, 17:45
Оқиғалар
Кеген ауданында пешінің күлін жолға төккен әйелдің соты өтті – ол ірі көлемде айыппұл арқалады
Сот оған 30 275 теңге айыппұл салды
Фото: istockphoto.com
Алматы облысы Кеген ауданына қарасты Жылысай ауылында пешінің күлі мен қоқысын жолға төккен әйелдің соты өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы облысының соттары хабарлағандай, оқиға көктемде, сәуір айында болыпты.
«Іс материалдарына сәйкес, 2026 жылдың 28 сәуірі күні Жылысай ауылының тұрғыны, азаматша Н., белгіленбеген жерге күл-қоқыс төгіп, аумақты ластаған. Сот отырысында ол өз кінәсін мойындады», - деп хабарлайды Алматы облысының соттары.
Сот оның ісін қарай келе, кінәсін мойындағаны үшін және жас бала асырап отырған соң, жеңілдің жасап, 43 250 теңге айыппұлды 30 275 теңге қылып азайтқан. Сот қаулысы заңды күшіне енген.
Көп оқылған
11.10.2026, 08:37
Подъезде ұйықтап қалған: Ақтауда жасөспірімге қатысты тексеріс басталды
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
11.10.2026, 23:47
«Үш адам қаза тапты»: Қайрат Нұртастың концерті туралы жалған ақпарат таратқан әйел жазаланды