Жер дүмпуінің қуаты 4,5 баллға жеткен
Төтенше жағдайлар министрлігі Павлодар облысындағы жер сілкінісіне байланысты жедел штаб құрды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Министрліктің мәліметіне сүйенсек, штаб іс-қимылды үйлестіріп, жағдайды бақылау үшін құрылып отыр.
Ал, жер сілкінісінен кейін қираған ғимараттар немесе зардап шеккен азаматтар туралы ақпарат тіркелмеген. Мекемелер штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Дегенмен, ТЖМ азаматтардан осы жер сілкінісіне қатысты қоңырау қабылдау үшін жедел желі телефонын ашқан: 8 (7182) 20-11-12.