«Адам жоқ болса да айналасы сап-сары»: Астана тұрғыны «Нұрлы жол» вокзалындағы лас дәретхананы суретке түсіріп алған

Бұған қатысты «Қазақстан Темір Жолы» компаниясы өз уәжін айтқан

«Адам жоқ болса да айналасы сап-сары»: Астана тұрғыны «Нұрлы жол» вокзалындағы лас дәретхананы суретке түсіріп алған
Фото: скриншот

Астана тұрғыны ашылғанына әлі 10 жыл болмаған «Нұрлы жол» вокзалындағы дәретхананың әбден ластанғанын айтып, суретін жүктеген, деп жазады Azattyq Rýhy.

Жазба авторының айтуынша, вокзалда адам көп жүрмейді. Бірақ, соған қарамастан, автордың айтуынша, тазалықшылар дәретхананы тиісті деңгейінде тазаламайды.

«Нұрлы жол» вокзалындағы дәретхананың тазалығына қатысты арызданғым келеді. Адам жоқ болса да, дәретхананың іші мен қол жуатын орындағы кір көзге басылады. Тазалықшыларға тиісті құрал-жабдық берілмейтіні анық», - деп жазған ол.

Бұл жазба желідегі халық арасында қатты талқыланып, кең таралған. «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы да жазбаға назар аударып, өз уәжін жазған.

«Тазалықшылар кестеге сай, дәретхананы әр 60 минут сайын тазалап тұрады. Оларға дәретхана қағазы мен сабын, сондай-ақ, шелек пен тазарту құралдарын толық береміз. Ал, мрамордың үстіндегі сары дақ – оның тозғанын білдіреді. 2026 жылдың мамырынан бастап вокзалдағы дәретхананы жаңа деңгейге сай жөндей бастаймыз», - деп жазған ҚТЖ.