Бауыржан Олжасты жақындары тоқтаусыз іздеп жатыр
Алматы қаласында 1990 жылы туған Бауыржан Олжас есімді ер адам екі айдан бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Лидер» еріктілер ұйымы осы адамның жоғалуына қатысты толыққанды ақпарат берген.
«Өкінішке қарай, Бауыржан Олжастан әлі күнге дейін ақпарат жоқ. Оны іздеп жатқан адамдар Бауыржан барады-ау деген аймақтардың бәрін тексерген. Олжас, егер осы хатты оқып отырсаңыз, бір хабарыңызды беріңіз. Жақындарыңыз бен достарыңыз сізді күтіп жүр. Сіздің бір қоңырауыңыз жақындарыңыздың көңіліне медеу болып, жасын тоқтата алады», - деп жазған еріктілер.
Дереккөзге сүйенсек, Бауыржан Олжас 19 мамыр күні үйінен шығып кеткен.
«Биыл 19 наурыз күні үйіндегі ұрыс-керістен кейін Әуезов ауданы, Таугүл-3 шағын ауданы, Мұхамеджанов,71 мекенжайындағы үйінен шығып кетіп, үйіне қайтып оралмаған. Бойы 190 см, орта денелі ер адам. Шашына ақ түскен. Жоғалған күні қандай киім кигені белгісіз», - деп жазады еріктілер.