Сұлтан Сәрсемәлиев алқабилерден бас тартып, кез келген жазаға дайын екенін мәлімдеді

Автор: Бақыт Шынар

Ол тіпті өлім жазасына да дайынмын дейді

Фото: istockphoto.com

Бүгін төрт адамның өліміне қатысты сот отырысында басты күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев алқабилерден бас тартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жергілікті «Аtyrautoday» сайтының мәліметінше, ол судьядан кез келген жазаға дайынмын деген.

«Өлім жазасына да, өмір бойы түрме жазасына да дайынмын», - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін біз оның қылмысты толық мойындағанын жазған едік.