Құтқарушылар ақауы бар паромнан 15 ересек адам мен 10 баланы эвакуациялады
17 мамыр күні Көкшетауда Қопа көлінің акваториясын патрульдеу кезінде құтқарушылар техникалық ақауы бар паромды байқаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ-нің Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Жолаушылары бар кеме жағалаудан 700 метр қашықтықта тұрған. Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері дереу құтқару жұмыстарына кірісті.
Құтқарушылар 25 адамды, оның ішінде 10 баланы жағаға аман-есен жеткізді. Эвакуацияланғандарға медициналық көмек қажет болмаған.