«Арасында автоинспектор мен нотариус та бар»: Ақтөбеде жүк көліктерін заңсыз тіркегендер 2,4 млрд теңгенің мүлкін алған (ВИДЕО)

Жалпы, іс бойынша 9 адам күдікті деп танылды

«Арасында автоинспектор мен нотариус та бар»: Ақтөбеде жүк көліктерін заңсыз тіркегендер 2,4 млрд теңгенің мүлкін алған (ВИДЕО)
Фото: freepik.com

Қаржы мониторинг агенттігінің Ақтөбе облысындағы департаменті жүк көліктерін заңсыз тіркеген бір топ адамға қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Олар міндетті төлемдерден жалтару мақсатында жүк көліктерін заңсыз есепке қоюмен айналысқан.

«Тергеу амалдарына сай, топ мүшелері Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары аумағында N3 санатындағы (жүк тартқыштар) және M1 санатындағы (жеңіл автокөліктер) 82 көлікті заңсыз тіркеген. Құрамында 9 адам болған, олардың арасында автоинспектор мен нотариус та бар», - деп хабарлайды ҚМА.

Олар клиенттерді мессенджерлер мен интернет-ресурстардан тауып, оларға өз қызметтерін ұсынып отырған.

Мемлекетке келген жалпы залал 705 млн теңгеге жеткен. Сот санкциясымен күдіктілердің 2,4 млрд теңге тұратын мүлкіне тыйым салынған.

Мақалада
#Ақтөбе облысы