Бүгін, 00:18
Оқиғалар
Астана маңында суда жүрген екі жігітті жел ұшырып әкетті
Қатты жел салдарынан жағаға қайта алмаған серфингшілерге құтқарушылар көмектесті
Фото: ҚР ТЖМ
Астана су қоймасында құтқарушылар серфинг тақтасында жүрген екі ер адамға көмек көрсетті. Оларды қатты жел жағадан алыстатып әкеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Оқиға Ақмола облысының Аршалы кентінде болған. 1997 және 1998 жылы туған ер адамдар желдің қатты екпіні салдарынан жағаға өздігінен қайта алмай, 112 нөміріне хабарласып көмек сұраған.
«Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар оларды жағадан 20 метр қашықтықтан тауып, аман-есен құрлыққа жеткізді», – деп мәлімдеді ТЖМ.
Ведомство мәліметінше, ер адамдарға медициналық көмек қажет болмаған.
Көп оқылған
08.05.2026, 12:56
«Аяқасты салмақ қосып алдым»: Алматыда жас келіншек жеті ай бойы жүкті екенін білмей, дәрігерге келген сәтте босанып қалған (ВИДЕО)
08.05.2026, 16:58
«Сен тек мендіксің»: Павлодарда ер адамның тамағын орып жіберген әйел бар шындығын айтты