09.05.2026, 20:22
Оқиғалар
Талдықорғанда пышақ жарақатын алған ер адам ауруханада қайтыс болды
Күдікті ұсталды
Фото: istockphoto.com
Талдықорғанда жастар арасындағы жанжал кезінде олардың бірі пышақ жарақатын алып, көпсалалы ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жетісу облысының полициясы адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.
«Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді», – деп мәлімдеді Жетісу облыстық ПД.
Еске салайық, бұған дейін Шымкентте 70 жастағы қария көршілеріне пышақпен шабуыл жасады.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді