06.05.2026, 23:27
Оқиғалар
Қостанайдың орталығында болған жол апатынан бес адам зардап шекті
Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатына бұрылу кезінде қарсы көлікке жол бермеу себеп болған
Фото: istockphoto.com
Қостанай қаласының орталығында екі көлік соқтығысып, жол апаты салдарынан бес адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Alau.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға Алтынсарин мен Жеңіс көшелерінің қиылысында болған. Kia Motors пен Ravon Nexia көліктері соқтығысқан.
Алдын ала мәлімет бойынша, Kia көлігінің жүргізушісі солға бұрылу кезінде қарсы бағытта келе жатқан көлікке жол бермеген.
Зардап шеккендер медициналық көмекке жүгінген, оларға дене соққысы диагнозы қойылған. Жол апаты фактісі бойынша тексеру басталды.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды