03.05.2026, 06:14
Оқиғалар
Көкшетауда тұрғын үйді өртеп жіберген: газ баллондары жарылды (ВИДЕО)
ТЖМ жарылыс сәтін видеоға түсіріп алған
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Көкшетауда екі пәтерлі жеке тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, өрттің жалпы аумағы шамамен 120 шаршы метрді құраған. Жағдайды қиындатқан жайт – өрт сөндірушілер келгенге дейін екі газ баллоны жарылып, соның салдарынан жалын тез таралған.
Өрт сөндірушілер шақырту түскен сәттен бастап 40 минут ішінде өртті толық сөндірді. Жұмыс барысында құтқарушылар үй ішінен көлемі 27 литр болатын тағы екі газ баллонын алып шығып, ықтимал жаңа жарылыстардың алдын алды.
ТЖМ мәліметінше, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына қасақана өрт қою себеп болған.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды