Ақтауда көпқабатты үйдің жертөлесінен өрт шықты: 14 адам құтқарылды

Жертөледе қоқыс жанып, тұрғындардың өміріне қауіп төнді

Ақтауда көпқабатты үйдің жертөлесінен өрт шықты: 14 адам құтқарылды
Фото: © istockphoto.com

2026 жылғы 2 мамырда Ақтау қаласының 31-шағынауданында төтенше жағдай тіркелді. Алты қабатты тұрғын үйдің жертөлесінде қоқыс жанып, тұрғындардың өміріне қауіп төнді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Оқиға туралы хабарлама кезекші бөлімге түскен бойда Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері оқиға орнына жедел жетті. Мамандардың кәсіби әрекетінің арқасында жалынның ғимараттың жоғарғы қабаттарына таралуына жол берілмеді.

Өртті сөндіру үй ішінен барлығы 14 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Олардың ішінде 8 бала бар. Тілсіз жау өте қысқа мерзімде толықтай ауыздықталды.

ТЖМ берген мәліметке сәйкес, өрт салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар тіркелген жоқ. 

Жертөледегі өрттің нақты себебі анықталып жатыр.