Келеске ағып кеткен сегіз жасар Жаннұр Тұрсынбектің мәйіті табылған жоқ – ТЖД іздеуді ресми түрде тоқтатты
Баланы аман табу мүмкін болмады
2026 жылдың 23 наурызы күні Түркістан облысы Келес ауданында тұратын сегіз жасар Жаннұр Тұрсынбек абайсызда өзенге ағып кеткен еді. Тура бір айдан кейін, 23 сәуір күні құтқарушылар баланың денесін іздеуді ресми түрде тоқтатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жергілікті «Отырар» сайтының жазуынша, баланы іздеу үшін бүкіл күш тартылған.
«2026 жылдың 23 наурызында баланың анасы құтқарушыларға телефон шалып, 2018 жылы туған Жаннұр Тұрсынбек атты баласының Келес өзеніне ағып кеткенін айтты. Ақпарат түсе сала құтқарушылар мен полиция, жергілікті әкімдік пен еріктілер баланы іздеуге кіріскен. Операция кезінде өзен, оның айналасын тексердік. Арнайы техника мен дрон қолдадық. Құтқарушылар ауа райына қарамай, баланы күні-түні іздеді. Бірақ, осы шараларға қарамастан, баланы таба алмадық. Сондықтан, 2026 жылдың 23 сәуірінен бастап ресми түрде іздеуде тоқтаттық», - деп хабарлайды құтқарушылар.
Дереккөзге сүйенсек, егер баланы бір ай іздегеннен кейін нәтиже болмаса, ары қарай қандай шара қолдану үшін іс материалдары басқа органдарға өтеді.