Кеңқияқта мұнай кәсіпорнының жұмысшысы әріптесіне пышақ сұғып алған

Автор: Темірхан Айжан

Полицияның мәлімдеуінше, жұмысшылар масаң күйде болған.

Фото: © istockphoto.com

Ақтөбе облысындағы мұнай кәсіпорнында екі қызметкердің арасында жанжал туып, бірі екіншісіне пышақ сұғып алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Кеңқияқ ауылдық полиция бөлімшесімен денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Алдын ала тергеу барысында анықталғандай, кәсіпорынның екі қызметкері мас күйінде жанжалға түсіп, соның салдарынан олардың біріне пышақ жарақаты салынған», - делінген хабараламада.

Жәбірленуші ауруханаға жеткізіліп, медициналық мекемеде емделіп жатыр.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.