29.04.2026, 10:32
Оқиғалар
«Қонақтарға нағыз тосын сый болды»: Алматыдағы қымбат мейрамхана жанып кете жаздады (ВИДЕО)
Абырой болғанда, қызметкерлер жалынды сөндіріп үлгерген
Фото: скриншот
Алматыдағы «Friendly» мейрамханасы қонақтарға тосын сый жасаймыз деп жанып кете жаздады. Оның видеосы әлеуметтік желіде таралып жатыр, деп жазады Azattyq Rýhy
Видеода көрініп тұрғандай, мейрамхана қызметкерлері қонақтардың біріне арналған тосын сый ретінде шам алып шығып, романтикалық құттықтау ұйымдастырмақ болған. Шам мейрамханадағы қымбат декорға тиіп, оның арты жалынға айналған.
Мейрамхана қызметкерлерінің бірі өрт сөндіру баллонын алып, жанып жатқан декорды сөндірген. Сондықтан, ешкім төтенше жағдайлар қызметіне хабарласпаған көрінеді.
Дегенмен, Алматы қаласының ТЖД осы оқиғаға қатысты тексеру бастады. ТЖД тексерудің қорытындысынан кейін тиісті ақпарат таратады.
Көп оқылған
28.10.2026, 16:15
Тоқаевтың Жолдаудағы сынынан кейін төрт сағат өте алғашқы топ-менеджер жұмысынан айырылды
28.10.2026, 12:26
«Бас-аяғы 77 мың адам»: Тоқаев Жолдауында кімдердің жалақысын 40 пайызға дейін көбейтіп берді
28.10.2026, 13:30
Бір уыс доллар мен айфон 18: әнші Алтынай Жорабаеваның туған күніне күйеуі не сыйлады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды