29.04.2026, 11:45
Оқиғалар
Астанада полициядан тротуармен қашқан трактордың мас жүргізушісі ұсталды
Ол 7 жылға көлік жүргізу куәлігінен айырылды
Фото: скриншот
Елордада жаяу жүргіншілер жолымен полициядан қашып бара жатқан көк трактордың бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Оқиға кезінде трактор жүргізушісі мас күйде болған. Ол ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сот шешімімен оған 18 тәулікке әкімшілік қамауға алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды. Трактор коммуналдық тұраққа қойылды.
«Көлікті мас күйде басқаруға жол берілмейді және бұл өте қауіпті. Азаматтарды ережелерді сақтауға және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз», - деп ескерту жасады полиция департаменті.
Көп оқылған
28.10.2026, 16:15
Тоқаевтың Жолдаудағы сынынан кейін төрт сағат өте алғашқы топ-менеджер жұмысынан айырылды
28.10.2026, 12:26
«Бас-аяғы 77 мың адам»: Тоқаев Жолдауында кімдердің жалақысын 40 пайызға дейін көбейтіп берді
28.10.2026, 13:30
Бір уыс доллар мен айфон 18: әнші Алтынай Жорабаеваның туған күніне күйеуі не сыйлады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды