Аталған дерек бойынша тиісті материалдар жинақталып жатыр
Атырау қаласында жол апаты салдарынан кәмелетке толмаған бала жарақат алды. Оқиға 24 сәуір күні кешкі уақытта Атырау – Дамбы тас жолында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты шамамен сағат 18:00-де тіркелген.
Алдын ала мәлімет бойынша, Yutong маркалы қоғамдық көліктің 62 жастағы жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан 2018 жылы туған баланы қағып кеткен. Мектеп оқушысы бірден жедел жәрдем бригадасына тапсырылып, Атырау облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тиісті материалдар жинақталып жатыр.