25.04.2026, 20:23
Оқиғалар
Көлсай маңында туристік автобус төменге құлап кетті (ВИДЕО)
Көлік ішінде адам болмаған, зардап шеккендер жоқ
Фото: видеодан скрин
Алматы облысында «Көлсай көлдері» ұлттық паркінің аумағында туристік көлікке қатысты оқиға болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
25 сәуір күні жолаушылар тасымалдауға арналған микроавтобус тұрақ орнынан өздігінен қозғалып, төмендегі жыраға құлап кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға кезінде көлік ішінде ешкім болмаған, сондықтан ешкім зардап шекпеген.
Өңірлік полиция департаменті аталған дерек бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын, барлық мән-жай анықталып жатқанын хабарлады.
«Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ», – деп мәлімдеді полиция.
Көп оқылған
28.10.2026, 16:15
Тоқаевтың Жолдаудағы сынынан кейін төрт сағат өте алғашқы топ-менеджер жұмысынан айырылды
28.10.2026, 12:26
«Бас-аяғы 77 мың адам»: Тоқаев Жолдауында кімдердің жалақысын 40 пайызға дейін көбейтіп берді
28.10.2026, 13:30
Бір уыс доллар мен айфон 18: әнші Алтынай Жорабаеваның туған күніне күйеуі не сыйлады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды