Қарағандыда көліктің ішінен әйелдің мәйіті табылды – полиция 35 жастағы ер адамды ұстады
Қазір ол изоляторда
Қарағандыда автокөлік ішінен пышақ жарақаты бар әйелдің денесі табылды. Кісі өлтірді деген күдікпен 35 жастағы ер адамды ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайғылы оқиға 22 сәуір күні қаладағы Төлепов көшесінде болған. 34 жастағы әйелдің мәйіті көлік салонынан табылған.
«Болған жайтқа байланысты құқық қорғау органдары дереу іздестіру шараларына кірісті. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері 35 жастағы күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген ПД хабарламасында.
Аталған факті бойынша «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Тергеу барысында оқиғаның себептері мен барлық мән-жайлары анықталатын болады.