Ал, олардың сұрауы бойынша Қазақстанда ізін жасырып жүрген 51 адам ұсталған
Қазақстанның ішкі істер министрлігі қылмыскерлерді іздестіру бойынша Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдермен ынтымақтастықты күшейтіп, өзге елдерде жасырынып жүрген күдіктілерді қолға түсіреді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицияның мәліметінше, 2026 жылдың 3 айында Қазақстан үшін Қырғыз елінде 10 адам, Өзбекстанда 1 адам, Түркияда 3 адам қолға түскен.
«Ал, Қазақстан аумағында әріптес елдердің сұрауы бойынша 51 адам ұсталды. Соның ішінде, Өзбекстан үшін – 38, Қырғызстан үшін – 11, Әзірбайжан үшін – 2 адамды ұстаған», - деп хабарлайды полиция.