«Біресе секіремін, біресе түсемін деді»: Астанада полиция майоры биік үйдің шатырына шығып алған жігітпен 1,5 сағат бойы сөйлескен (ВИДЕО)
Полиция майоры жігітті көндіріп, оны аман алып қалды
Астана қаласының полиция департаменті күні кеше қалада болған оқыс оқиғаның толық видеосын көрсетіп, жас жігітті құтқарып қалған батыр полицей туралы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айта кетейік, кеше Астанада 18 жастағы жігіт сүйіктісімен ұрсысып қалғаннан кейін қаладағы биік үйлердің біріне шығып алып, суицид жасауға әрекеттенген еді. Абырой болғанда, полиция оны құтқарып қалды.
«Оқиға орнында полиция мен психологтар келді. Аумақты полиция қызметкерлері қоршап алып, жерге үрмелі жастық қойған. Астана қаласы полиция департаментінің майоры Ильдар Рамазанов жас жігітпен келіссөзге түсті. Майор 2009 жылдан бері ішкі істер органдарында қызмет етеді және дағдарыстық жағдайларда, оның ішінде суицидтің алдын алу бағытында мол тәжірибеге ие. Оның айтуынша, келіссөз шамамен бір жарым сағатқа созылған. Осы уақыт ішінде жас жігіт бірнеше рет ойынан айнып, бірде төмен түсуге ниет білдірсе, бірде қайтадан секіремін деп қорқытқан», - деп хабарлайды полиция департаменті.
Астанада 18 жастағы жігіт көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған.