Ондай көліктер болашақта такси қызметін іске асыра алмайды
Ішкі істер министрлігі бұрын рөлі оң жақта болған, кейін қайта жабдықталған көлік иелеріне қатысты жаңа тыйым дайындап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Үкімет ондай көлік иелеріне рөлін ауыстырса да такси ретінде қызметке пайдалануға тыйым салмақ.
«Бұрын рөлі оң жақта болған, яғни қайта жабдықталған автокөліктерді таксиде пайдалануға тыйым салатын, сондай-ақ тасымалдаушылар мен жүргізушілерді бақылау үшін агрегаторлардың жауапкершілігін күшейтуді көздейтін заңнамалық түзетулер әзірленіп жатыр», - деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Үкіметтің ресми сайтында хабарланғандай, ішкі істер министрлігі рөлі оң жақта орналасқан 63 мыңға жуық көлдікке такси агрегаторларынан шығарып тастаған.