20.04.2026, 17:15
Оқиғалар
Өскеменде көпқабатты үйдің шатырынан секіргісі келген адамды тұрғындар байқап қалған (ВИДЕО)
Қазір қылмыстық іс қозғалды
Фото: скрин
Қала тұрғыны 9 қабатты үйдің шатырына шығып кетіп, секіргісі келген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оны байқап қалған куәгерлер дереу полицияға хабарласқан. Тексеру барысында Серікбаев көшесіндегі 9 қабатты үйдің шатырында тұрған облыстың 37 жастағы тұрғыны екені анықталды.
Сақшылар тұрғынмен сөйлесіп, оны райынан қайтарып, жерге түсіріп алды.
Одан кейін ол қажетті медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.
Аталған факті бойынша «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Көп оқылған
21.10.2026, 11:33
Маңғыстауда кәсіпкер жалған құжат жасап алып, шетелге танкерімен 45 млрд теңгенің мұнайын апарып сатқан (ВИДЕО)
21.10.2026, 09:33
«Ішерге су, жеуге тамақ жоқ отырған»: ШҚО-да полиция тарақандардың арасында өмір сүрген төрт баланы ата-анасынан алып кетті (ВИДЕО)
21.10.2026, 16:07
Келесі жылдан бастап Қазақстанда кімдерге АӘК төленбейді – үкімет тағы бір қаулы қабылдады
21.10.2026, 16:49
Ажырасқаннан кейін де бірге өмір сүрген: Таразда ер адам экс-жұбайын есінен танғанша ұрған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды