Атырауда болашағынан үміт күттіретін үш бірдей боксшы қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Олардың үшеуі де облыс құрамасының мүшесі болған

фото: instagram.com/boxingkazakhstan/

Атырауда үш боксшы жол апатынан қаза тапты. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

«Атырау боксында орны толмас, ауыр қаза. Болашағынан үміт күттіретін үш бірдей жас боксшымыз, облыс құрамасының мүшелері Еламан Рахметолла, Нұркен Нұрымов және Сұңқар Тельманов жол апатына ұшырап, мезгілсіз қаза болды. Атырау бокс федерациясы марқұмдардың туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады», - деп хабарланды федерацияның Instagram-парақшасында.

Федерацияның хабарлауынша, олардың үшеуі де облыс құрамасының мүшесі болған.