Сот оның жазасын 5 жылға шегерді
Ақмола облысы Жақсы ауданындағы Мәдениет үйінің есепшісі 58 млн теңге бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Аудан прокуратурасының мәліметіне сүйенсек, Мәдениет үйі Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдиниет, тілдерді дамыту және спорт бөліміне қарайды. Прокуратура мекеменің бюджетін тексере келе, есепшенің 58 млн теңгені өз шотына аударып алғанын анықтаған.
Іс сотта қаралып, есепші 7 жылға сотталды. Қылмыстық кодекстің 74 бабына сәйкес, ол жазасын бес жылдан кейін өтейді.