Қарағандылық әйел жоқ пәтерді 39 рет жалға берген
Осылайша алаяқ әйел үш миллион теңгеден астам табыс тапқан

Қарағандылық алаяқ жоқ пәтерді 39 рет жалға берген. Ол алдын ала төлем алған соң клиенттердің нөмірін бұғаттап тастап отырған, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.
Мұндай жүйе арқылы әйел үш миллион теңгеден астам табыс тапқан. Телеарнаның хабарлауынша, қазір іс сотқа жеткен.
Сондай-ақ оның жерлестері елорда тұрғындарын да осындай жүйе арқылы алдаған. Тек олар жиһаз «сатқан». Тауарды жіберудің алдында олар алдын ала төлемді жасатқан да, жоғалған. Сатушының 10 адамды алдағаны белгілі болды.
Елордалықтар ақшаны бөтен біреудің атына аударып отырған. Бірақ еш күмән болмаған. Осылайша, 27 жастағы күдікті ұсталды. Енді ол жеті жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 27 жастағы қыз бұған дейін алаяқтық жасағаны үшін сотталған.