Оқиға үйдің ауласында болған
Астанада үй ауласында қолына пышақ ұстаған жалаңаш ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тұрғындар түсірген видеода оның адекват жағдайда емес екені байқалады. Ол біреуді іздеп жүрген және «бауыздайтынын» айтқан.
Полицияның мәліметінше, 39 жастағы күдікті ұсталып, «Алматы» аудандық бөлімшеге жеткізілген.
Аталған дерек бойынша ол ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті бұзу бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сот шешімімен күдіктіге 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.