$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.07.2020, 15:22
Оқиғалар

Алматы облысында 62 жастағы азамат алаяқтығы үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды

Он шақты адамның ақшасын алдап алған азамат 2020 жылдың 6 ақпанында Алматы қаласында ұсталды

Алматы облысында 62 жастағы азамат алаяқтығы үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды
Фото: Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Еске сала кетейік, ақпан айында алаяқтық әрекеті үшін Алматы облысының тумасы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған болатын. 1958 жылы туған азамат өзін жылу желілерін орнату шебері ретінде таныстырып, оған жүгінген азаматтардың ақшасын алдап-арбау жолымен иемденген. Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлайды.

«Оның әрекетінен ондаған азамат зардап шеккен. Күдікті өзін полиция іздеп жүргенін білгеннен кейін қашуға тырысқан. Алайда, криминалдық полиция қызметкерлері оны 2020 жылдың 6 ақпанында Алматы қаласында ұстап, бірден қамауға алды. Талдықорған қаласының Батыс ПБ-ның тергеушісі барлық қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп, істі соттың қарауына жіберді. Сот процесі барысында ол өзінің кінәсін толығымен мойындап, шын мәнінде алаяқтық жасағанын жеткізді. Сот тергеуінде алаяқтың ұрланған ақшаны өз қажеттілігіне, атап айтқанда казинода құмар ойын ойнауға жұмсағаны белгілі болды», - делінген хабарламада.

Жуырда Талдықорған қалалық соты ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі 1-тармағында көзделген қылмыстық іс-әрекеттерді істегені үшін кінәлі деп танылған күдікті азаматқа қатысты үкім шығарды. Сот оған қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде жазасын өтей отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Серіктес жаңалықтары