Полиция ата-аналар мен заңды өкілдер балалардың тәрбиесі мен мінез-құлқы үшін жауапты екенін ескертті
Шығыс Қазақстан облысында қоғамдық тәртіпті бұзған 14 жастағы оқушының ата-анасы жазаланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Автобустардың бірінде екі кәмелетке толмаған жасөспірім тәртіп бұзып, кондуктор мен жолаушылардың ескертулеріне құлақ аспаған. Көліктен түсер кезде олардың бірі бұрыш спрейін шашып кеткен.
Осы дерек бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, 14 жастағы жасөспірімді заңды өкілімен бірге профилактикалық әңгімелесуге шақырды. Материалды қарау қорытындысы бойынша оның ата-анасы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 435-бабы 1-бөлігі («Кәмелетке толмағанның жасаған бұзақылығы») бойынша жауапкершілікке тартылды.