БҚО-да найзағай бүтін бір ауылды өртеп жібере жаздады

Автор: Azattyq Rýhy

Дала өрті әлі толық сөндірілген жоқ

Батыс Қазақстан облысында найзағай түсуінен алдымен дала өртеніп, кейін қызыл жалын Ақжайық ауданындағы Коловертное ауылын түгелдей өртеп жібере жаздады. Елдімекенде екі үй мен бірнеше қора күлге айналған, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Ақжайық ауданындағы дала өрті 13 шілдеде басталған. Оны сөндіруге Атыраудан МИ-884 тікұшағы тартылды. Алайда, ыстық ауа мен жел оттың тез таралуына себеп болды.

«Шағатай мен Ақсоғым ауылдарының іргесінде құрғақ шөп өртенді. Сағат 16:00 шамасында жалын Коловертное ауылындағы Орал өзеніне жетті. Өзеннің ені 100 метр. Алдын ала болжам бойынша 5 гектар дала өртенген. Сондай-ақ, екі үй мен төрт қораны да от шарпыды. 42 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Сонымен қатар, 15 бас ірі қара, 25 ұсақ мал және 30 құс құтқарылды», - делінген аталған хабарламада.

Өртті сөндіруге 93 адам мен 11 техника жұмылдырылған. Олар әлі де дала өртімен күресіп жатыр.

Тегтер: