$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.07.2020, 10:39
Оқиғалар

Түркістан облысында адам қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Ол Шымкент – Самара тасжолының бойында екі адамды көлігімен қаққан, оның  бірі оқиға орнында көз жұмған

Түркістан облысында адам қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысының полицейлері екі адамды қағып, жол-апатын жасап, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні ұстады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

Бәйдібек аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне түнгі уақытта Шардара ауданының тұрғыны арызданып, Шымкент – Самара тасжолының бойында белгісіз көлік оларды қағып кетіп, жанындағы серіктесі оқиға орнында мерт болғанын хабарлаған.

Полицейлер жүргізуші мен оның көмекшісі жол жиегінде бұзылып тұрған «VAN Hool» маркалы жолаушы тасымалдайтын автобус көлігінің ақауын тексеріп тұрғанын, осы уақытта «Газ-53» маркалы машинасы бұзылып тұрған автобусты жанамалай соғып, одан кейін бұларды қағып, жол-көлік оқиғасын жасағаны белгілі болды. Кінәлі жүргізуші оқиға орнынан бой тасалап, қашып кеткен. Салдарынан автобустың жүргізушісі жеңіл дене жарақаттарын алса, оның көмекшісі оқиға орнында қаза болған.

Бұл жол-көлік оқиғасы Бәйдібек АПБ-іне Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігімен және ҚР ҚК-нің 347-бабымен тіркеліп, қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру амалдары басталды. ​​​​​​Жол-көлік оқиғасына қатысы бар жасырынған жүк көлігі мен оның жүргізушісін ұстау мақсатында Бәйдібек аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралар кешені жүргізілді. Нәтижесінде, Сайрам ауданындағы жөндеу жұмыстарын жүргізетін орындардың бірінен табылып, бұл жүк көлігінің аталмыш оқиғаға тікелей қатысы бары дәлелденді. Аталған автокөлікті жөндеуге қалдырып кеткен күдіктінің жеке-басы анықталды, ол Сайрам ауданының тұрғыны болып шықты. Тексеру барысында күдікті адам өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасына себепші болып, оқиға орнынан бой тасалағанын толық мойындады. Күдікті қамауға алынып, оның жүк көлігі айыптұраққа қойылды. Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша автокөлікке тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.​​​

Серіктес жаңалықтары