Атыраудағы әйелдер колониясының басшылығы сотталған қыз-келіншектерге ұлттық киім кигізіп, видео түсірген (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Олар бұл акцияны Наурыз мейрамына орай ұйымдастырған

Фото: скриншот

Атыраудағы Алмагүл шағын ауданындағы әйелдер колониясының басшылығы түрмедегі қыз-келіншектердің формасын бір күнге сәнді киімге ауыстырып, оларға ұлттық-киім кигізген, деп жазады Azattyq Rýhy 

Акцияның видеосы Атырау облысындағы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ресми сайтына жүктелген. Байқап отырғанымыздай, бір топ сотталған әйел алдымен форма киіп тұрады. Кейін бәрі ұлттық киім киіп, келбеттерін өзгерткен.

Сондай-ақ, видеодан байқағанымыздай, колониядағы әйелдер Наурыз мерекесін тойлап, Наурыз көже мен ұлттық тағамдар жеген.