Сегіз тоннадан артық жүк тиеген көліктер 1 мамырға дейін Қазақстанның тоғыз облысы бойынша жүре алмайтын болды
Бұл – Көлік министрлігінің көктемгі шектеуі
2026 жылдың 23 наурызы мен 1 мамыры аралығында сегіз тоннадан артық жүк тиеген көліктер Қазақстанның бірқатар өңірі бойынша жүре алмайды. Көлік министрлігі су тасқынының салдарын азайту үшін осындай көктемгі шектеу енгізіп отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атап айтсақ, 23 наурыздан бастап Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Абай облыстарының тас жолдарында қозғалыс шектеледі.
«Бұл ереже 8 тоннадан асатын жүк тиеген көліктерге қатысты және шектеу мерзімі 1 мамырға дейін жалғасады», - деп хабарлайды Көлік министрлігі.
Бұл шектеудің басты мақсаты жыл сайын көктем мезгілінде, яғни қар еріп, су тасыған кезде жолдарды одан әрі бүлдірмеу. Біз атап өткен жолдардан бөлек, бұл шектеу Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Жетісу және Ұлытау облыстарында 1 сәуірге дейін күшінде болады.
«Айта кетейік, халықаралық тасымал, жолаушы немесе азық-түлік, сондай-ақ дәрі-дәрмек және төтенше жағдайға керекті жүгі бар көліктерге бұл шектеу қолданылмайды», - деп хабарлайды Көлік министрлігі.