Шұғыл: Бас прокуратура Алматыда аса ірі мөлшерде ақша жымқырды деген күдікпен Санжар Боқаевты ұстады
Ол жалған ақпарат таратты деген күдікке ілініп отыр
Бүгін Бас прокуратура қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерін жүргізу аясында Алматы қаласының аумағында Санжар Боқаевты ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бокаев С. жалған ақпарат тарату және қоғамда теріс пікір қалыптастыру мақсатында әлеуметтік желілерде жекелеген тұлғалардың қоғамдық саябақ аумағында ағаштарды заңсыз кесуі және құрылыс нысандарынан мүлік ұрлауы туралы бейнематериалдарды орналастырды деген күдікке ілінді», - деп хабарлайды Бас прокуратура.
Бас прокуратураның мәліметінше, Санжар Боқаев аталған қылмыстарды ұйымдастырып, қаржыландырған. Ол үшін табысы төмен адамдарды тартып, оларға ақшалай сыйақы беру арқылы ағаш кесу мен ұрлық жасауға тапсырма берген. Сондай-ақ, ол аса ірі мөлшерде қаржы қаражатын алаяқтық жолмен жымқырды деген күдікке ілінген.