Олар есірткі сатқан
Ішкі істер министрлігі трансұлттық есірткі схемасын құрып, есірткі сатқан ұйымдасқан қылмыстық топ құрған 40 азаматты қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицияның мәліметіне сүйенсек, олар шетелде отырып, интернет-ресурстар арқылы «жалақысы жоғары жұмыс» туралы жарнама таратқан.
«Заңды жұмыстың атын жамылып, азаматтарды заңсыз есірткі айналымына тартқан. Адамдарға колл-орталықтар арқылы бұйрық беріп отырған. Еліміздің 11 өңірінде Қазақстанның 40 азаматы ұсталды. Есірткі таратуға қатысы бар 11 адам қамалды. Одан бөлек, тағы 9 адам есірткі тұтынғаны үшін жауапқа тартылды», - жеп хабарлайды полиция.
Операция барысында синтетикалық есірткі, компьютерлік техника, банк карталары, смартфондар және басқа да айғақтар тәркіленген.