$ 479.02  551.11  5.82
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атбасардағы ауыр іс: азаптау фактісі бойынша алқабилер ақтап алған түрменің 12 қызметкері қайта сотталатын болды

Сот алқабилердің жұмысынан заңсыздық тапқан

Атбасардағы ауыр іс: азаптау фактісі бойынша алқабилер ақтап алған түрменің 12 қызметкері қайта сотталатын болды
Фото: скриншот

Былтыр желтоқсанда хабарлағанымыздай, Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соты және алқабилер соты Атбасар түрмесіндегі сотталғандарды азаптады деп айыпталған 12 адамды ақтап шығарған еді. Бүгін Ақмола облыстық сотының сот алқасы алқабилердің шешімі мен сот үкімінің шешімін жойып, істі басқа судьялардың қарауына жіберді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

«Облыстық сот алқасы  Атбасар ауданындағы Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің 12 қызметкеріне қатысты қылмыстық іс бойынша Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімінің күші жойылып, істі сол сотқа, басқа судьялардың қарауына жолдады» - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, сол кезде жазғанымыздай және соттың бүгінгі ақпаратында да айтылғандай, бұл түрме қызметкерлері Атбасар қаласындағы түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандаржы азаптады деп айыпталған болатын. Айтып өткеніміздей, алқабилер соты оларды былтыр, 2025 жылдың 24 желтоқсаны күні түгел ақпат алған. Алайда, Ақмола облыстың сот алқасы істі қайта қарай келе, заң бұзу фактілерін анықтаған. Дәлірек айтсақ, соттың баспасөз қызметі хабарлағандай:

  • алқабилердің құрамында бұрын сотталған адам болған;
  • соттың ескертулеріне қарамастан, алқабилердің көзінше қорғау тарапы жәбірленушілердің абыройына нұқсан келтіретін мәлімдемелерге жол берген, бұл дәлелдемелерді бағалауға және алқабилердің пікіріне кері әсер еткен;
  • жәбірленушілерге қатысты жария етуге жатпайтын жайттар алқабилердің көзінше айтыла берген.

«Сонымен қатар, сот алқасы қорғаушының заңсыз әрекеттеріне байланысты ҚІЖМАС-тың жеке қаулысын өзгеріссіз қалдырды және іс бойынша мемлекеттік айыптаушылардың заң нормаларын бұзғаны жөнінде Бас прокурордың атына жеке қаулы шығарды», - деп хабарлайды сот.