Атырауда екі баласы үйде қамалып қалған келіншек полицияға жүгінуге мәжбүр болған (ВИДЕО)
Балалар қамалған үйде газ плитасы қосулы қалған екен
Атырауда екі және төрт жасар екі баласы үйде қамалып қалған келіншек шұғыл түрде полицияға хабарласып, көмек сұраған. Екі кішкентай бүлдіршін отырған үйде газ плита қосулы қалған екен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
«Индер ауданының полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Мейірбек Далабаев хабарды ала сала, көмекке ұмтылған. Ақпаратты ала салысымен учаскелік инспектор дереу сол үйге барып, төтенше жағдайлар қызметінің келуін күтпестен, бесінші қабаттағы көршінің балконы арқылы пәтерге кірген. Полиция қызметкері үй ішінде қалған екі баланың жағдайын тексеріп, олардың аман-есен екеніне көз жеткізіп, кейін пәтердің сыртқы есігін ашқан. Оқиға барысында ешкім зардап шеккен жоқ», - деп хабарлайды полицияның баспасөз қызметі.
Балалардың анасы полицияның ерлігіне тәнті болып, оған шын жүрегінен алғыс айтқан.