$ 486.2  557.82  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Заң эмоциядан биік»: Алматы полициясы «Қайрат» – «Ақтөбе» ойынының арты төбелеске ұласпау үшін үндеу жасады (ВИДЕО)

Бүгін екі команда Алматының орталық стадионында футбол ойнайды 

«Заң эмоциядан биік»: Алматы полициясы «Қайрат» – «Ақтөбе» ойынының арты төбелеске ұласпау үшін үндеу жасады (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Алматы полициясы бүгін, 16 наурыз күні Алматыда өтетін «Қайрат» – «Ақтөбе» матчының алдында жанкүйерлерге үндеу арнап, оларды тәртіпке шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Айдын Кабдулдинов стадионынның маңайында полиция көбейетінін, оның үстіне, жан-жақтағы камералар тәртіпті бақылап тұратынын қатаң ескертті.

«Футбол – эмоция, қолдау және өз командаңа деген адалдық. Алайда баршаға ортақ бір қағида бар: заң мен қоғамдық тәртіп кез келген эмоциядан биік тұруы тиіс. Агрессия, арандату, балағат сөздер, қорлау, бұзақылық әрекеттер, сондай-ақ тыйым салынған заттарды пайдалану – мүлде жол берілмейтін әрекеттер. Мұндай жағдайларда полиция тарапынан жедел шаралар қабылданады. Құқық бұзушылар анықталып, әрбір дерекке құқықтық баға беріледі. Керек болса, қылмыстық іс қозғалады», – деп дейді Айдын Кабдулдинов.

Айта кетейік, 9 наурыз күні Шымкентте «Ордабасы» мен «Ақтөбе» жастар клубтарының арасында жолдастық кездесу өткен. Ойын кезінде жас футболшылар арасында жанжал туындап, арты төбелеске ұласқан еді.