$ 491.29  562.92  6.1
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ойын-сауық орталықтарына барып, жол жүре алады – Жанабыловтардың адвокаты

Судья сот процесі кезінде оларды видеоға түсіріп, сөздерін жария етуге тыйым салды

Ойын-сауық орталықтарына барып, жол жүре алады – Жанабыловтардың адвокаты
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Қазір 214-бабының 2-бөлімі, 2-тармағы – «Заңсыз кәсіпкерлік», және 218-бабының 2-бөлімі, 1-тармағы – «Қылмыстық жолмен алынған ақша мен (немесе) басқа мүлікті заңдастыру (жылыстату)» баптары бойынша соты өтіп жатқан блогер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованың адвокаты соттан кейін журналистердің сұрағына жауап бере отырып, қазір үйқамақта отырған екеуінің қандай құқықтары бар екенін айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Олардың мектеп пен балабақшаға баратын кішкентай балалары бар. Ата-анасының аты-жөні , бет-бейнесі ел алдында жиі көрінсе, түрлі пікірлер айтылатыны белгілі. Әрине, ол пікірлердің бәрі бірдей жағымды емес. Сондықтан олар, ең алдымен, балаларының психологиясына зақым келмеуін ойлайды. Жалпы алғанда, қазір жағдайлары тұрақты, бәрі қалыпты», — деді адвокат Гаухар Айтжанова.

Айтжанова сондай-ақ журналистерге «Жанабыловтардың ойын-сауық орталығына барып, жол жүру құқығы сақталғанын» ескертті.