$ 491.29  562.92  6.1
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сот блогер Жанабыловтардың  ісін прокуротураға қайтарудан бас тартты

Оның пайымынша, тергеудегі кемшіліктер басты сот талқылауын өткізуге кедергі бола алмайды

Сот блогер Жанабыловтардың  ісін прокуротураға қайтарудан бас тартты
Фото: Azattyq ruhy

Астанада ерлі-зайыпты блогер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты қылмыстық іс бойынша сот адвокаттың өтінішін қанағаттандырудан бас тартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сот отырысы барысында қорғаушы Гаухар Айтжанова тергеу кезінде бірқатар процестік бұзушылықтар болғанын алға тартып, істі прокурорға қайтаруды сұраған. Алайда судья Әділбек Баймаханов бұл уәжбен келіспеді.

«Адвокаттың уәжінде көрсетілгендей, тергеу органдарында бірқатар процестік бұзушылықтар орын алған. Алайда бұл кемшіліктер басты сот талқылауын тағайындауға және оны өткізуге кедергі бола алмайды», – деді судья.

Судьяның айтуынша, іс материалдарында прокурордың, айыпталушылардың немесе куәгерлердің деректерінде қателіктер, сондай-ақ процестік құжаттарда нақты баптардың көрсетілмеуі сияқты олқылықтар анықталған. Сонымен қатар кейбір құжаттарда материалдардың толық тізімі, жауапты тұлғалардың деректері мен мекенжайлары көрсетілмеген. Дегенмен мұндай кемшіліктерді негізгі сот талқылауы барысында нақтылауға болады.

«Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының бар-жоғы тек нақты дәлелдемелерді зерттегеннен кейін ғана анықталады. Сондықтан қорғаушының істі прокурорға қайтару туралы өтініші қанағаттандыруға жатпайды», – деп атап өтті судья.

Нәтижесінде сот адвокаттың өтінішін қанағаттандырудан бас тартып, істі негізгі сот талқылауына жіберу туралы қаулы шығарды. Іс ашық сот отырысында қаралып, келесі отырыс 2026 жылғы 16 наурызға Астана қаласындағы сот залында белгіленді.

Мақалада

#сот #блогер